2022 жылдың 27 қаңтарында орталығымызда жылдық жоспарға сәйкес «Жемқорлық індет – жою міндет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс – шараның мақсаты: оқушыларға рухани тәрбие беру.
Дөңгелек үстелге «Технопарк», «Грамотей», «Драма студиясы», «Вокал», «Хор», «Көшбасшылар» мектебі, «ІТ сынып» және «Занимательная грамматика» үйірмелері қатысты.
Аталмыш іс – шара оқушылар санасында «Сыбайлас жемқорлықтың салдары мен жағымсыз әсері» туралы түсінік қалыптастыруды көздейді. Дөңгелек үстел барысында орталығымыздың педагог – психологы А.С. Жатқанбай сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз әсері мен елдің дамуына тигізетін залалы туралы оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тақырыптан тыс әртүрлі логикалық сұрақтар мен тапсырмалар орындалды.
