Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының “Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық “Жамбыл дарыны” орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
1938 жылдың сәуір айында Қазақстанның РКЛКСМ – ның шешімі бойынша Пионер үйі болып ашылды.
1992 жылы орталық «Облыстық балалар мен жасөспірімдер орталығы» атауына ие болды.
Жамбыл облыс әкімдігінің 27.05.2009 ж. № 188 қаулысына сәйкес «Облыстық балалар мен жасөспірімдер орталығы» атауы «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.
Жамбыл облысы әкімдігінің 30.07.2015 ж. № 177 қаулысының негізінде мекеме қайта құру жолымен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгеруіне байланысты қайта тіркеледі.
Орталықтың құрылған жылы – 1938 жыл
Қазіргі ғимараттың салынған жылы – 1973 жыл
Мекеме қызметінің мақсаты
- Балалардың қоғам өміріне әлеуметтік қалыптасуын дайындау, кәсіпті еңбек әрекетін үйрену және саналы таңдау үшін негіз құру, азаматтықты және Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
- Жарғыға сәйкес қосымша білім беру.
Мекеме балалардың сұранысын, жанұя және басқа ұйымдар қажеттілігін, атап айтқанда аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын және ұлттық-мәдени ғұрыптарын ескере отырып қызмет жасайды.
Мекеменің міндеттері
- Жалпы білім беру мектебімен бірігіп, тұлғаны жан-жақты дамыту үшін, максималды қолайлы жағдай жасау, жан-жақты қабілеттерін ашу, қызығушылықтарын, бейімділіктерін, дарындылықтарын қанағаттандыру, денсаулықтарын нығайту, кәсіби өзін-өзі анықтау және балалардың шығармашылық еңбегін ұштау.
- Кәсіби білім бағдарламаларын игеруге және кәсіп түрін саналы таңдауға дайын, қоғам өміріне бейім, жоғары мәдениетті, зерделі тұлғаны қалыптастыру.
- Оқу іс-әрекеті барысында дарынды, қабілетті оқушыларды анықтау.
- Балалардың бос уақытын маңызды өткізуін ұйымдастыру.
- Ерекше дарынды балаларды арнайы оқу орындарына дайындау.
Орталықта қазіргі таңда 21 үйірме жұмыс атқарып, 1516 білім алуда.
2011 жылы құрылған «Жамбыл облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігі» жұмыс атқарады.
