Біз туралы
«otspsho.sh.edu.kz» сайтына Қош келдіңіздер!
Біздің веб сайт – электронды порталымызға кіру арқылы, орталығымыздағы барлық жаңалықтардан үнемі хабардар боласыз.Өз сайтымызда біз, өткізілген іс – шаралар туралы қызықты мәліметтерді жариялаумен қатар өзге ақпараттарды орналастыруға тырысамыз. Біздің қосымша білім беру жүйесі білім алушыларға білім беру қызметтерінің кең спектрін ұсынады. Соның ішінде ондаған түрлі үйірмелер, секциялар, студиялар, жас таланттар мен таланттарды ашуға және дамытуға белсенді түрде қатысады. Ең алдымен, біз білім алушыларымыздың үйлесімді дамуы үшін барлық жағдайды қамтамасыз ететін мәдени және білім беру ортасын құрдық. Біздің орталықтың тәрбиеленушілері жыл сайынғы халықаралық, республикалық және аймақтық іс-шараларға белсене қатысып жүлдегер атануда. Сонымен қатар бізде «IT класстары», «Робототехника», «Хореография», «Хор және вокалдық сыныптар», «Жас журналист», «Полициялық академия» , «Тіл мектебі», «Айбын әскери-патриоттық клубы», «Мерей» сурет – мектебі, драма «Жас таланттар» клубы үлкен сұранысқа ие. Үйірмелерге, студияларға және секцияларға қатысу мектепте алған дағдылары мен қабілеттерін нығайтуға және дамытуға мүмкіндік береді.
Сайт сізге барлық қажетті ақпаратқа қол жеткізуге орасан мүмкіндік береді деп үміттенеміз.
Құрметпен,Орталық администрациясы!

Ертуганова Балдай Туленовна







