2023 жылдың 7 сәуірінде үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының облыстық фестивалі сырттай өткізілді. Фестивальға аудандық кезеңдердің жеңімпаздары – жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 14-17 жастағы білім алушыларының арасынан 48 оқушыдан өтінім түсті.
Байқау ережеге сәйкес 8 номинация бойынша өтті: үздік фильм, ойынды кино, STOP-MOTION-видео, өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім, музыкалық клип, телевизиялық сюжет, киножурнал, ғылыми кино. Облыстық «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының фестивалінде – Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс – шараларды өткізетін облыстық орталықтың дизайнері – Алимкулов Ербол Жолдыбайұлы, “JAMBYL” телеарнасының редактор, тележүргізушісі – Орынбасар Жалғас, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің Актер шеберлігінің оқытушысы – Каптагаева Айгүл Касымханқызы қазылық етті.
Бас жүлде иегерлері Республикалық онлайн байқауға жолдама алды.