28 қазан күні орталығымыздың ұйымдастыруымен Меркі ауданындағы Оқушылар «Үміт» сарайында облысымыздың қосымша білім беру педагогтарына арналған «Қосымша білім беру педагогының кәсіби қызметін ұйымдастырудағы заманауи тәсілдер» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарға облысымыздың 65 қосымша білім беру педагогы қатысты.
Алғы сөз Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың директоры – Ертуганова Балдай Туленовнаға және Меркі ауданының білім бөлімінің басшысы Алтынбаева Айгерім Аханқызына берілді.
Семинардың пленарлық бөлімінде Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың «Ақпараттық-әдістемелік» бөлімнің меңгерушісі Сарбасова Гулзина Есенгалиевна«Білім берудегі менеджмент» баяндамасын, орталығымыздың қосымша білім беру педагогы Ошақбаев Бахтияр Қанатұлы «STEAM білімді енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар» тақырыбындағы, Оқушылар «Үміт» сарайының қосымша білім беру педагогы Байгулиева Г.Н. «Soft skils –болашаққа дайындық» атты баяндамалар тыңдалды.
Семинар барысында Оқушылар «Үміт» сарайының педагог-псиохологы Көзейбай Гулзинат Дахирқызы «Білім мұнарасы!» – тренингін өткізді.
Семинардың екінші бөлімінде қатысушылар секцияларға бөлініп, ашық сабақтар мен шебер-сыныптарға қатысты.

