2019 жылдың 15 ақпан күні Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шаралар өткізетін облыстық орталығында қосымша білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған «Қосымша білім беру жүйесіндегі инновациялық үдерістер: теориядан тәжірибеге» тақырыбындағы VІІІ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.
Конференция мақсаты: қосымша білім беру ұйымдарындағы әдістемелік, психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық қызмет жұмысының инновациялық жолдарын талқылау, алдыңғы қатардағы тәжірибелерді тарату, білім беру саласында ІТ технологиясын қолдану және енгізу тиімділігі, ынтымақтастықты кеңейту.
VІІІ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына Жамбыл облысының қосымша білім беру ұйымдарының еңбек өтілі 5 жылдан жоғары әдіскерлер, әлеуметтік педагогтар, психологтар, ІТ технология мамандары, педагог-ұйымдастырушылар, қосымша білім беру педагогтары қатысты. VІІІ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына баяндамашы ретінде қатысуға қосымша білім беру ұйымдарының 31 педагогы өтінім берді. Конференцияға тыңдаушы ретінде 27 педагог қатысты. Барлығы 58 адам қатысты.
VІІІ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық отырысында баяндама жасау үшін кәсіптік білім беру орындарынан, «Өрлеу» АҚ ҰБАО филиалы Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан, «Тараз Нub» оқу орталығынан, кәсіподақ ұйымынан мамандар шақырылды.
Конференция жұмысын Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың директоры Кашкинова Шарякүл Көпжасарқызы ашты. Алғы сөз Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Тәрбие және қосымша білім беру» бөлімінің басшысы Дәрібаева Гүлзира Лесбаевна берілді. Конференцияның пленарлық бөлімінде «Мұғалімнің мәртебесі туралы» заң жобасының тиімділігі» тақырыбында «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері Кәсіптік одағының Жамбыл облыстық ұйымының Біріккен комитеті» филиалының төрағасы – Орынбеков Жанболат Тұңғышбековичтың, «Қосымша білім беру үдерісінде инновацияларды сүйемелдеу» тақырыбындағы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл Облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы – Смаилова Зере Усербаевнаның, «Жаңа білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің рөлі» тақырыбында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің педагог-психологы-Мелдебекова Ұлдана Серикбаевнаның, «Оқу үрдісіндегі замануи ІТ- технологияларды қолдану» тақырыбында «Тараз HUB» оқу орталығының өкілі Садыков Нұрасыл Бакытжановичтың, «Тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту барысында теорияны тәжірибелік іс-әрекетпен ұштастырудың жолдары» тақырыбында МОжМТІШӨОО, «Дарынды балалармен жұмыс» бөлімінің меңгерушісі –Боханова Қалипа Мырзабековнаның баяндамалары тыңдалды.
Пленарлық отырыс жұмысы қорытындыланған соң, секция жұмыстары басталды. Конференцияның секция жұмыстары екі бағытта өтті: «Әдістемелік- педагогикалық қызмет» және «ІТ технологиялар».
«Әдістемелік-педагогикалық қызмет» секциясына 17 баяндамашы, «ІТ технологиялар» секциясына 14 баяндамашы қатысты.
«Әдістемелік-педагогикалық қызмет» секциясы:
І орын – Мамедова Ирада Рустамовна (Меркі ауданы, «Үміт»оқушылар сарайы).
ІІ орын – Дуйсенова Дина Мейрамовна (Байзақ ауданы, БЖО), Тилеубаева Эльзат Аязкуловна (Т.Рысқұлов ауданы, БЖО), Серикова Ардак Алжановна (Сарысу ауданы, «Игілік»ауылдық балалар өнер мектебі).
ІІІ орын – Карбетова Замира Скаковна (Тараз қаласы, МТжБШО), Тарахова Шолпан Бейсебаевна (Шу ауданы, БЖО), Толепбаева Куралай Айтмурзаевна (Т.Рысқұлов ауданы, «Өнер» мектебі).
«ІТ технологиялар» секциясы:
І орын – Шутов Константин Геннадьевич (Тараз қаласы, ТШО).
ІІ орын – Маманова Сауле Баймухановна (Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Балалар музыка мектебі),Терликбаева Жанна Талгатовна (Тараз қаласы, МОжМТІШӨОО), Аманбалаева
Айгүл Борановна (Қордай ауылы, БЖШО).
ІІІ орын – Ошакбаев Бахтияр Канатулы (Тараз қаласы, МОжМТІШӨОО), Айтбаева Асия Абдукасимовна (Қордай ауылы, БЖШО), Суранчиева Айнура Аскаровна (Тараз қаласы,ТШО).
Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының директоры Кашкинова Шарякуль Көпжасарқызы ұсынымдарды оқып, конференция жұмысын қорытындылады. Маңызды ғылыми зерттеу нәтижелері бар баяндама оқыған педагогтарға Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Тәрбие және қосымша білім беру» бөлімінің басшысы Дәрібаева Гүлзира Лесбаевна І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, конференция қатысушыларына сертификаттар тапсырды.