
«Қосымша білім беру жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жүзеге асырудағы анимациялық педагогика»
2021 жылдың 30 қараша күні орталығымызда «Қосымша білім беру жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жүзеге асырудағы анимациялық педагогика» тақырыбында қосымша білім беру педагогтарына арналған облыстық семинар өткізілді. Семинарға Жамбыл облысының қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты. Семинарға «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, магистрі Избасаров Ербол Хусаинұлы «Clipchamp.com арқылы бейне-файлдарды интернет арқылы өңдеу жолдары» атты баяндамасын, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы, информатика магистрі Абдыкеримова Ләззат Алтынбековна – «Macromedia Flash ортасында графикалық объектілердің анимациясын құру» баяндамасын, Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың әлеуметтік педагогы Амантай Назгүл Амантайқызы – «Анимациялық-педагогикалық байқаулардың өткізілу тәртібі бойынша ұсынымдар» атты баяндамасын тыңдаушылар назарына ұсынды.
Пленарлық отырыстан кейін семинарға қатысушылар екі секцияға бөлініп, шебер-сыныптарға қатысты. І секцияда «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, магистрі Избасаров Ербол Хусаинұлы «Clipchamp жобасын пайдалану арқылы бейне-файлдарды интернет арқылы өңдеу және сапалы бейнероликтер жасау жолдары» шебер сыныбын, орталығымыздың қосымша білім беру педагогы Троянова Ольга Николаевна – «Анимация в программе Photoshop» шебер сыныбын көрсетсе, ІІ секцияда Тараз қаласы Техникалық шығармашылық орталығының қосымша білім беру педагогы Шевляков Андрей Алексеевич- «Создание игрового приложения в конструкторе Construct classic» шебер сыныбын, орталығымыздың қосымша білім беру педагогы Әлімхан Олжас Асанұлы- «Анимациялық презентация» шебер-сыныбын көрсетті. Семинар барысында педагогтар өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибелерімен алмасты.


