Қазақ сөз өнерінің майталман шебері, сирек талант иесі, көркем сөз зергері, текті қалам иесі, халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері – Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтың 120 жылдығына орай «Ғибраты мол Ғабең!» атты кітап оқу сайысының ұйымдастырылатындығын хабарлаймыз!
Дәл осы уақытта біздің арамызда жүрмесе де, оның көп жанрлы әңгімелері, новеллалары, очерктері, романдары бізбен бірге.
Өскелең ұрпақ – майталман жазушының еңбектерін білуі, тануы парыз екені сөзсіз. Сіздерді бізге қосылып, кітап оқып, көпшілікке үлгі болуға шақырамыз!
Сайыстың мақсаты – балалар мен жастардың оқуға деген қабілеттерін арттыру үшін өздігінен кітаппен жұмыс істеу дағдысын дамыту және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру. Оқу белсенділігін, олардың зейін салып оқуын, кітап кейіпкерлерінің әрекеттерін бағалауға, оқыған шығармасы жайлы ой бөлісуге ынталандыру.
Сайысты өткізу мерзімі: 2022 жылдың 10-31 наурыз аралығында.
Сайыстың шарттары👇
📌 Әрбір қатысушы @zhasulan.zhambul instagram парақшасына тіркелу;
📌 Әрбір қатысушы Ғабит Мүсіреповтың өзі таңдап оқыған шығармасы жайлы көзқарасы мен пікірін, қысқаша мазмұнын бейнеролик ретінде түсіріп өзінің парақшасында
#ғибратымолҒабең хэштегін белгілеуі қажет.
📌 Сайысқа қатысушылардың көрсетілген мерзімнен кейін өткізген жұмыстары сайысқа қатыспайды;
📌 Барлық қатысушылар алғыс хаттармен және үздіктер дипломдармен марапатталады.
Ұйымдастырушы: @zhasulan.zhambul
