№2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында 2023 жылдың 2 наурыз күні «Қазақ еліне мың алғыс!» атты ризашылық күніне арналған «Бозторғай» үлгілі ән- би ансамблінің қайырымдылық концерті өткізілді.
Іс — шараның мақсаты: Оқушыларға ұлттық қадір – қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдерді ешкімнен ешқашан аямауды, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтуды түсіндіру, оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Қарттарымыз асыл қазынамыз екенін ешқашан ұмытпайық!