
2021 жылдың 10 желтоқсанында орталығымызда өскелең ұрпақты патриотизмге және Қазақстанның дәстүрi мен тарихын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында үйірмелер арасында «Тәуелсiздiк деп соғар жүрегiм!» атты көркемсөз байқауы өткізілді.
2021 жылдың 10 желтоқсанында орталығымызда өскелең ұрпақты патриотизмге және Қазақстанның дәстүрi мен тарихын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында үйірмелер арасында «Тәуелсiздiк деп соғар жүрегiм!» атты көркемсөз байқауы өткізілді. Іс-шара аясында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Байқау ережеге сәйкес номинациялар бойынша және жас ерекшеліктеріне қарай өткiзiлдi.
Қазылар алқасының құрамында орталығымыздың «Қосымша білім беру» бөлiмiнiң меңгерушісі Уашева Аида Абдраимовна, орталықтың кітапхана менгерушісі Асамбаева Гүлшара Дүйсеновна, «Ақпараттық әдістемелік» бөлiмiнiң әдiскерi Темиргалиева Айсұлу Кахармановна болды.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар әр жас ерекшеліктеріне қарай жеке берілді.
Жеңiмпаздар дипломдармен марапатталып, жетекшілерге алғыс хат табысталды.

