Жамбыл облысы Тараз қаласында Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс –шараларды өткізетін облыстық орталығында қосымша білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлерге арналған «Білімді ұлт – тұрақты дамудың кепілі» тақырыбында дәстүрлі тамыз конференциясын өткізілді. Онлайн жиынға облысымыз бойынша 100-ге жуық қызметкер қатысты.
Тамыз кеңесінің жұмысын қорытындылаған Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасының «Тәрбие және қосымша білім беру» бөлімінің басшысы Дәрібаева Гүлзира Лесбаевна облысымыздың үздік педагогтарын Жамбыл Облысының білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапаттап, жаңа оқу жылында шығармашылық табыс тіледі. МОжМТІШӨОО орталығының әкімшілігі барлық вебинар спикерлеріне алғысын білдірді.


