2021 жылдың 14 желтоқсан күні орталықта Техникалық шығармашылық орталығымен бірлесе отырып, «Спорттық және ғылыми- техникалық жобалардан» облыстық жарыс ұйымдастырылды.
Облыстық жарысты Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Жамалов Талғат Салқанұлы ашып, «Казроботикс» РФ – ның президенті Жекеева Айжан Ахметжановнаға сөз берілді.
Жарыстың өткізілу тәртібі бойынша Кегель- ринг, квадро Суммо және Топ жетекшілеріне арналған оқыту семинары, Ғылыми жобалар жиынтығы (үлкен топ), Ғылыми жобалар жиынтығы (кіші топ), Этафета Биатлон, WeDo өткізілді. Қатысушылар жүлделі орынмен марапатталды.

