2023 жылдың 17 наурызында орталығымыздың «Қосымша білім беру» бөлімінің ұйымдастыруымен «Салт-дәстүр білгірі» отбасылық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Тәрбиеленушілердің қазақ халқының салт – дәстүрлері жайлы білімдерін жинақтау, білетін және үйренген ақппараттарын өзара ұштастырып, салт – дәстүрді құрметтеп, қадірлей білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу.
Байқауға «Білімпаз» білім беру орталығының қосымша білім беру педагогтары және ата аналары мен оқушылары қатысты.
Байқауды Қазақстан Республикасының жазушылар одағының мүшесі Асанов Қайырбек Зәйкенұлы, ақын, журналист Жұлдыз Бәйсек, орталығымыздың директоры Ертуганова Балдай Туленовна бағалады.