Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық және Техникалық шығармашылық орталығы 2023 жылдың 14 наурызында математикалық логикадан қосымша білім беру оқушыларының арасында облыстық байқауын ұйымдастырып өткізді.
Байқаудың мақсаты: балалардың креативтік ойлау жүйесін дамыта отырып, танымдық қызығушылықтарын ояту.
Байқау: логикалық, математикалық есеп; геометриялық басқатырғыш; бөлшектерді жинақтау; лабиринт; танымдық ойын бөлімдер бойынша жүргізілді.