2021 жылдың 13 қазанында орталығымызда аудандық, қалалық жалпы білім беру мектептерінің сынып оқушыларына, әскери – патриоттық клубтар мен қосымша білім беру мекемесінің тәрбиеленушілеріне арналған «Жас сарбаз»республикалық әскери – патриоттық әндер фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі өтті.
Мемлекетімізде болып жатқан пандемияға байланысты барлық санитарлық-эпидемиологиялық, қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, желдету режимін сақтау, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу арқылы қатаң сақталып фестиваль – байқау қашықтықтан өткізілді.
Байқауға 6 ауданнан 65-ке жуық оқушы қатысуға өтініш берген.
Фестиваль – байқау: «Орындаушылық вокалистер», «Фольклорлық орындаушылар», «Вокалдық – аспаптық ансамбльдер (топтар)» номинациялар бойынша өткізілді.
Әділ – қазылар алқасы ретінде Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент майоры Исенбаев Мурат Адилович, «Өнер» мектебінің қосымша білім беру педагогы, вокалист Идирисова Ұлбазар Асанқызы және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің «Халық аспаптары» кафедрасының меңгерушісі Курпебаев Төрехан Амантаевич байқаудың әділ шешімін шығарып, жеңімпаз топты анықтады.
Бас жүлде иегері Шу ауданынан «Алау» тобы «Фольклорлық орындаушылар» номинациясы бойынша, І орын иегері Қордай ауданынан Сатыбалдиев Амирлан «Орындаушылық – вокалистер» номинациясы бойынша 2021 жылдың 25 қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтілетін Республикалық онлайн байқау-фестиваліне жолдама алды.
