2023 жылдың 21 сәуірінде бейнелеу өнері арқылы білім алушылардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамытуға, бейнелеу өнері арқылы олардың кәсіби бағдарларын ынталандыруға жағдай жасау мақсатында орталығымыздың «Кәсіптік білім беру» бөлімінің ұйымдастыруымен «Бояулар құпиясы» байқауының облыстық іріктеу кезені өтілді.
Байқаудың міндеттері: жас суретшілердің әлемдік және отандық көркем мәдениеттің дәстүрлеріне деген қызығушылықтарын арттыру, эстетикалық тәрбиені қалыптастыру;
қосымша көркемдік білім беруді дамыту, білім алушының тұлғасын тәрбиелеу;
көркемөнер білімінің сапасын арттыру.
Әділ-қазылар алқасына Е.Халевич– суретші, педагог, К.Караласбаев –ҚР суретшілер одағының мүшесі, суретші-дизайнер, С.Сағындықов – ҚР суретшілер одағының мүшесі, педагог.
Жеңімпаздарға байқаудан естелік ретінде сыйлықтар, дипломдар табыстады.
