2023 жылдың 04 сәуір Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауы өтілді.
Байқаудың мақсаты – балаларға тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.
Байқаудың міндеті- балалар шығармашылығының көркем және қолданбалы-сәндік өнеріне деген қызығушылықтарын дамыту.
Байқауда балалардың шығармашылық жұмыстарын қазылар алқасының құрамы анықтады: Е.Халевич- суретші, педагог, Кораласбаев К.-ҚР суретшілер одағының мүшесі, суретші-дизайнер, С.Сағындықов – ҚР суретшілер одағының мүшесі, педагог. Көрме-байқаудың мектепішілік, аудандық кезеңдері жеңімпаздарының жұмыстары көрермен назарына ұсынылды.
Көрме-байқауға әрбір қатысушыдан келесі номинациялар бойынша сайысқа түсті:
1) тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, бисер, батик, киіз басу, құрақ пластикасы;
2) ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл,ағаш);
3) металды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу;
4) ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау;
5) ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау;
6) қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше;
7)ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ландшафт және т. б.