2019 жылдың 16 сәуір күні Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығында қосымша білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында оқушылардың ғылыми – техникалық бағытта білім алуындағы ІТ сыныптарының рөлі» тақырыбындағы облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – техникалық және кәсіптік білім мазмұнын жаңарту, педагогтар арасында өзекті мәселелерді талқылау және тәжірибемен алмасу. Семинар жұмысын Білім берудің бірыңғай ақпараттық орталығының директоры Бесінбаев Сағадат ашып берді.
Облыстық семинарға Жамбыл облысының қосымша білім беру ұйымдарының ІТ технология мамандары, педагог-ұйымдастырушылар, қосымша білім беру педагогтары қатысты. Барлығы 53 маман. Аталған іс –шараға Жамбыл, Талас, Сарысу, Жуалы, Байзақ, Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай, Шу, Мойынқұм аудандары және Тараз қаласынан ІТ, физика, информатика саласының мамандары тың идеяларымен бөлісті. Семинар жұмысы барысында STEM ACADEMIA директоры Мұратәліұлы Залхарбек бүгінгі ІТ сыныптарының рөлі мен маңызы туралы кеңінен тоқталды.
Облыстық семинарға М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Автоматика және телекоммуникация» кафедрасының аға оқытушысы Әбілдаева Айман Станбековна «Қазақстанда ІТ және робототехника саласының ұштасуы» атты тақырыбында баяндама, STEM ACADEMIA ғылыми даму бойынша директоры Кистаубаев Мағжан Геройханұлы «Қосымша біліммен негізгі мамандықты игеру» атты тақырыпта баяндама және шебер – сынып, МОжМТІШӨОО ІТ сыныбының қосымша білім беру педагогы Ошакбаев Бахтияр Қанатұлы «Қайық жобасы» атты тақырыпта шебер – сынып, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей –интернатының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Якияев Нұрлыбек Ерболұлы «Информатика пәнін ағылшын тілінде өтуде тиімді әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру» атты шебер – сынып, дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей – интернатының робототехника үйірмесінің мұғалімі Котов Александр Олегович «Образовательная робототехника для профориентации детей и подростков» атты шебер – сынып көрсетті. Семинар қатысушыларына ІТ Бизнес орталығы «Тараз – hub» және Дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей – интернатында экскурсия – презентация көрсетілді.

Семинар соңында Дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей – интернатында семинар қатысушылары өзара тәжірибе алмасуымен аяқталды.
Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының директоры Кашкинова Шарякуль Көпжасарқызы қатысушылардың ұсынымдарымен танысып, семинар жұмысын қорытындылай келе, қатысушы педагогтарға алғыс хат пен сертификаттар табыстады.