Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс – шараларды өткізетін облыстық орталықта 2019 жылдың 5 наурызында орталықтың педагог – психологы А. Аринова «Жас тілші» үйірме оқушыларына «Өзіңді-өзің тану арқылы тұлғаны дамыту» тақырыбында ашық тренинг-сабақ өткізді.
Тренингтің мақсаты оқушылардың өзін – өзі тануына, өзінің не нәрсеге қызығушылығы, қабілеті бар екендігін анықтауға бағыт беру. Өз – өзіңді тани білсең ғана көздеген мақсатына жете алатындығын ұғындыру. Адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі өзін – өзі тану туралы түсініктерін кеңейту. Әр адамның қайталанбас тұлға екендігін есте тұта отырып, өзін – өзі түсіну, өзін – өзі бағалай білу және өзін – өзі тәрбиелеу.
Педагог-психолог тренингті әлемге әйгілі ғұлама ойшыл, ғалым Әл-Фарабидің сөзімен бастады: «Дүниедегі ең оңай нәрсе – біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе – өзіңді – өзің түсіну».
Тренингті бастамас бұрын оқушыларға және қатысушы педагогтарға «Өзіңді тереңірек тани біл» жаттығуында өзіңізге ұнайтын жемісті таңдау арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай екені анықталады, бірақ жауабын сабақ соңында айтылатынын айтып өтті.
Тренинг – ойын, ал әрбір ойын ережелерді қажет етеді деп, тақтаға тренинг барысында балалардың ұстанатын ережелерді тақтаға маркермен жазып шықты.
«Менің есімім», «Өзін-өзі бағалау баспалдағы» жаттығуы, «Өзіңді ғана емес, өзгеніде таны» жаттығуы және Денсаулық сақтау технологиясы бойынша көзге және арқаға арналған жаттығулары өткізілді.
Оқушылар өз өмірлерін жоспарлау қажеттілігін сезіну, үйрету мақсатында «Болашақты жоспарлау» жаттығуы өткізілді. Оқушылар қағаз бетіне 3 минут ішінде 1 жылға, 5 жылға және 10 жылға жоспар жазып, соңынан бәріне оқып берілді. Сіздерге болашақтарыңызды жоспарлау қиынға түсті ме? Қанша уақыттан кейін өзіңізді жоспарлаған қиын болды? – деген сұрақтар қойылды.
Арттерапия адамның психо-эмоцмоналды күйін көрсету мақсатында серпінді бейнелі шығармашылықпен емделуді білдіреді. Оқушылардың шығармашылық қабілетін ояту, ұжымды біріктіру, қалыптастыру, қол моторикасын дамыту мақсатында «Бормен тұзды бояу» техникасы өткізілді.
Бұл техниканың нұсқауы бойынша оқушылар қағаз бетіне тұз сеуіп оны бормен ысқылап, борды бояды. Дайын боялған тұзды әр түрлі етіп кезек-кезек банкаға құйды. Нәтижесі оқушылармен педагогтарға ұнады.

Соңынан педагог-психолог оқушылардың тренинг барысында және жалпы тренингтен алған әсерлерін сұрап, пікір алмасып, кері байланыс орнатты.
«Өзіңді-өзің тану арқылы тұлғаны дамыту» тренинг – сабақты Абай атамыздың сөзімен қорытындылады: Адамның өз «Менін» сезіне бастауын кісінің өзіне – өзі ұдайы есеп беруінен, өзін – өзі аңғара, байқай алу қабілетінен көрінеді.
Жоғарыда өздерін біраз кемшіліктер туралы, көптеген жақсылықтар туралы айтып өттіңдер. Бәріміз де пендеміз, жаратылыста кем – кетіксіз адам болмайды, дегенмен шындап қолға алса, адам мінезінің сөзсіз өзгеретіндігі жаңалық емес.