Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл ауданы, Аса ауылы Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталығының базасында облысымызыдың қосымша білім беру педагогтарына арналған «Қосымша білім беру жүйесінде техникалық шығармашылықты дамытудағы перспективалық бағыттар мен тәжірибелер» тақырыбындағы ғылыми-техникалық бағыттағы облыстық семинар өткізілді.
Семинарға Жамбыл облысының қосымша білім беру ұйымдарының 40 педагогтері қатысты.
Семинар жұмысын Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Қосымша білім беру, тәрбие және балалардың құқығын қорғау» бөлімінің бас маманы Амангельдина Эльмира Пернебековна ашты.
Семинардың пленарлық бөлімінде Тараз қаласы Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың педагог ұйымдастырушысы Касымова Жибек Жумабековна «Қосымша білім берудегі замануи Soft skills тәсілі» тақырыбында, Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың қосымша білім беру педагогі Тенельбаев Дархан Шоқанұлы «Замануи тренд- STEAM білім беру бағыты» тақырыбында баяндамаларын оқып, техникалық шығармашылық бағытқа қатысты қосымша білім беру педагогтерімен өзекті мәселелерді талқылады.
Семинардың тәжірибелік бөлімінде қатысушылар шебер-сыныптарға қатысып, тәжірибе алмасты.
Семинар барысында Жамбыл ауданы, Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталығының педагогтары: әуе үлгілеу үйірме жетекшілері Отарбаев Қайрат Даулеткулович, Лысенко Александр Георгиевич «Отынды планер жасау, ұшыру» тақырыбында шебер сынып және «Әуешоу» көрсетті. «Робототехника» үйірмесінің жетекшілері Кубеев Дарын Бейсенгалиевич, Туркменов Нұрсұлтан Жалғасұлы «Spike Prime жинағы арқылы роботты бағдарламалау» тақырыбында, «Техникалық үлгілеу» үйірмесінің жетекшісі Джаманбатыров Медет Медешович «24-ші масштабтағы машинка жасау»(прямоход) тақырыбында, «Саздан бұйым жасау технологиясы» үйірмесінің жетекшісі Әубәкір Нүрила Нұрланқызы «Полимерлі саздан аксессуар жасау» тақырыбында шеберлік сыныптар көрсетті.
Семинар соңында Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Темиргалиева Айсұлу Кахармановна семинар жұмысын қорытындылап, қатысушыларға сертификаттар табыстады.