15 мамыр Халықаралық Отбасы күніне орай орталықта «Менің отбасым» тақырыбында үйірме оқушыларына тренинг өткізілді. Тренинг мақсаты: Оқушыларға отбасы туралы мағлұмат бере отырып, отбасын құрметтеуге, ата-анасын сыйлауға, кішіге қамқор, тату болуға тәрбиелеу. Тренингте «Есімдер аллитерациясы» жаттығуы, «Отбасым-сыйластық, жарастық орнаған ортам» тақырыбында шағын дәріс оқылды, «Мен отбасымды мақтан етемін» жаттығуы және соңынан Тілек ағашына балалар өз ойлары мен тілектерін білдірді.

