2023 жылдың 04 сәуір күні Балаларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстыру, ұлттық рухани қаруландыру; сөздік қорын халық біліммен мұрасы арқылы дамыту, балалардын логикалық қабілетін, танымын дамыту. Зейінін, ақыл – ой белсенділігін арттыру, тез ойлауға машықтандыру, ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында орталығымыздың кітапханасының ұйымдастыруымен 2 сәуір халықаралық балаларға арналған кітап күніне орай «Сиқырлы ертегі елінде» атты ертегілер кешін өткізді. Кеш 2 бөлімнен өтілді. 1 бөлім- Қызықты викторина, балалар ертегі кейіпкерлерін тапты. 2 бөлімде көрермендер назарына орталығымыздың «Драма» студиясының оқушылары «Ақ лақ» ертегісіне қойылым көрсетті.
