Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық және Жамбыл облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 28 ақпанында облыстық «Жас Ұланның – ЖҰЛДЫЗЫ!» атты патриоттық ән байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу және патриоттық шығармалардың отандық авторларына атаулы қолдау көрсету, репертуарды патриоттық тақырыптағы жаңа музыкалық шығармалармен толықтыру, қазақстандық ән туындыларының бәсекелестік әлеуетін арттыру болып табылады.
Аталмыш іс-шараға жалпы білім беретін мектептерден 9-13, 14-17 жас ерекшеліктері бойынша аудандық/қалалық кезеңінің жеңімпаздары бақтарын сынады. Байқауға Т.Рысқұлов, Жуалы, Меркі, Шу, Жамбыл, Байзақ, Қордай, Мойынқұм, Талас, Сарысу аудандарынан, Тараз қаласынан және Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернаттан жалпы саны 23 оқушы қатысты.
Облыстық байқауға Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі директорының тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары, музыка бөлімінің дауыс қойылымы пәнінің оқытушысы – Сатыбалдиева Айгүл Бекенқызы, әнші, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі – Маралбек Бабақұлов және Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың «Хор» үйірмесінің жетекшісі – Несипбаева Бибигуль Бейбитовна әділ – қазылық етті.
Әділ – қазылардың шешімдері бойынша байқау жеңімпаздары:
9-13 жас ерекшеліктері:
Тоқтағұл Ақжол, Т.Рысқұлов ауданы – І орын
Юлдашева Зульфия, Тараз қаласы – ІІ орын
Зауалмақан Бақдәулет, Сарысу ауданы – ІІ орын
Акенбай Айсұлтан, Қордай ауданы – ІІ орын
Қаныбек Әдемі, Байзақ ауданы – ІІІ орын
Бақтыбек Сабина, Мойынқұм ауданы – ІІІ орын
Амангелді Мерей, Шу ауданы – ІІІ орын
14-17 жас ерекшеліктері:
Жамантай Әскербек, Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернат – І орын
Әлібек Айбек, Жамбыл ауданы – ІІ орын
Аманқұл Жанар, Байзақ ауданы – ІІІ орын
Бақтиярұлы Бекболат, Меркі ауданы – ІІІ орын
Жайлау Шаттық, Тараз қаласы – ІІІ орын
Сонымен қатар, байқауда белсенділік танытып қатысқандары үшін 9-13 жас ерекшеліктері бойынша Әкімқұл Нұрасыл – Меркі ауданы, Нұрсылан Диар – Жамбыл ауданы, Ормахан Бейбарыс – Жуалы ауданы, Исабек Мейір – Талас ауданы және 14-17 жас ерекшеліктері бойынша Қалдыбек Ұлжан – Сарысу ауданы, Жаулыбай Нуризат – Т.Рысқұлов ауданы, Кебек Алина – Мойынқұм ауданы, Талқа Гүлсая – Талас ауданы, Кендебаева Бибісұлу – Қордай ауданы, Алдасүгір Әділет – Шу ауданы, Бейсенбек Алихан – Жуалы ауданынан алғыс хаттармен марапатталды.

