2022 жылдың 18 ақпан күні қосымша білім беру ұйымдарының педагогтарының арасында Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықта «Ақпараттық-әдістемелік» бөлімнің ұйымдастыруымен «Үздік қосымша білім беру педагогы» облыстық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты қосымша білім беру педагогының кәсіби біліктілігін арттыру, жаңашыл педагогтардың озық идеяларын қолдау. Байқауға аудандық кезеңінен жеңімпаз атанған еңбек өтілі 3 жылдан кем емес 11 қосымша білім беру педагогтары қатысты. Байқау 4 кезең бойынша өтті: 1-ші кезең – «Менің педагогикалық сенімім» өзіндік тұсаукесері, 2-ші кезең – «Білім берудегі менің инновациям», 3-ші кезең – «Өнерлінің өрісі кең», 4-ші кезең – «Психологиялық жағдаяттар».
Байқауда «Өрлеу» БА ҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі – Смаилова Зере Осербаевна, Тараз өңірлік университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы, ҚР «Мәдениет қайраткері», актриса, режиссер, «Дулати жастары» театрының режиссеры – Айтибаева Шолпан Жолдыбайқызы, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары – Абжапарова Бағила Кушербаевна, Халықаралық Тараз инновациялық гуманитарлық институты «Жалпы педагогика» кафедрасының аға оқытушысы, магистр – Фатихова Назипа Ағламқызы, Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының директоры – Ертуганова Балдай Туленовна қазылық жасап, әділ бағаларын берді.
2022 жылдың «Үздік қосымша білім беру педагогы» облыстық байқауының жеңімпазы Сарысу ауданы, Саудакент ауылы Саудакент аула клубының «Жас қаламгер» үйірмесінің жетекшісі Ишанбеков Мадияр Ілескенұлы атанды.


