Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық және Жамбыл облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 24-28 қаңтар аралығында «ЖАС ҚАЛАМГЕР» атты балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық байқау өткізілді.
Облыстық кезеңге өткен жас қаламгерлердің жұмыстарына – облыстық “ARAI” газетінің журналисті Қарасаева Қамар Разметуллақызы, Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының «Қосымша білім беру» бөлімінің меңгерушісі, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Уашева Аида Абдраимовна және Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың «Қосымша білім беру» педагогы, «Жас тілші» үйірмесінің жетекшісі Терликбаева Жанна Талгатовна әділ қазылық етіп, байқау кеңесінде өз шешімдерін жариялап, жүлделі орындарды төмендегі оқушылар жеңіп алды:
5-8 сынып аралығы
1 орын – Молдияр Іңкәр, Т.Рысқұлов ауданы
2 орын – Рысбек Балауса, Жамбыл ауданы
2 орын – Әлпи Камила, Шу ауданы
3 орын – Тулавбай Мейіржан, Меркі ауданы
3 орын – Баймен Досжан, Тараз қаласы
9-11 сынып аралығы
1 орын – Қамшыбекова Мөлдір, Т.Рысқұлов ауданы
1 орын – Ержан Айдана, Жуалы ауданы
2 орын – Бабалы Елдана, Меркі ауданы
2 орын – Түкекбай Айғаным, Жамбыл ауданы
3 орын – Шерім Аяжан, Тараз қаласы
Байқауға белсенді қатысқаны үшін Нұрғали Аяулым, Абибулла Айғаным, Әбдрахманқұл Оралбек, Алтынбек Арай, Айбасова Дариға, Алтынбек Жанар, Жайсанбай Нұрай және Болат Аружан алғыс хаттармен марапатталды.