«Жамбыл облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» ҚБ ұйымдастыруымен 2022 жылдың қаңтар айының 25 – 31 аралығында “Жас қаламгер” облыстық әңгіме жазу байқауының өткізілетіндігін хабарлаймыз! 
🔷 “Жас қаламгер” байқауының мақсаты мен міндеттері:
– мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту;
– балалар әдебиетінің дамуына үлес қосу;
– балалар мен жасөспірімдер арасындағы жас қаламгерлердің шеберлігі мен шығармашылық қабілетін шыңдау;
– қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, салт-дәстүріне, тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру.