2021 жылдың 18 қарашасында орталықта «Жаңартылған білім беру жағдайында психологиялық қызметті ұйымдастыру» тақырыбында қосымша білім беру ұйымдарының педагог – психологтарына арналған облыстық семинар өткізілді.
«Білім беру мекемесіндегі психологиялық қызмет жүйесінде рәсімделетін құжаттар» тақырыбында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушысы З.О.Смаилова баяндама оқыды. Педагог – психологтың құжаттары туралы мағлұмат беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Ақпараттық – әдістемелік бөлімінің әдіскері А.Аликулова «Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметті тиімді ұйымдастырудағы заманауи жаттығулардың ерекшелігі» тақырыбында баяндама жасады.
Орталығымыздың педагог – психологы А.Жатқанбай «Білім беру процесінде педагогикалық ұжымды психологиялық қолдаудың маңызы» туралы айтып –өтті. Баяндамада педагогикалық ұжымда психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарымен бөлісті.


