
Қараша айының 11 күні орталығымыздың «Жас ұлан» бірыңғай балалар және жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен «Аға тәлімгердің жұмысындағы тәрбиенің қазіргі жаңа технологиялары» атты облыстық семинар өткізілді.
«Аға тәлімгердің кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігін қалыптастыру – әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың басты шарты» тақырыбында «Жамбыл облысы «Жас Ұлан» ББЖҰ» төрайымы А.Алебаева және орталығымыздың педагог-ұйымдастырушысы Ә.Тұнғат әдістемелік нұсқаулық берді. «Бұқаралық ұйымдастыру» бөлімінің педагог-ұйымдастырушысы Ә.Елеусінова «Балалар бірлестігінде тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдері» тақырыбында тәлімгерлерге мағлұмат берді. Семинар аясында орталығымыздың хореографы А.Хожанов «Флешмоб және оның түсінігі», педагог-психолог А.Жатқанбай және әлеуметтік педагог Н.Амантай «Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мәселелері және оның сипаты», «Онлайн форматта жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері», ІТ сыныбының педагогы Б.Ошақбаев, «Шебер қолдар!» Б.Еркешова «Мерей» көркем сурет мектебінің қосымша білім беру педагогтарының шебер сағаттары жүргізілді.
