1-5 қараша аралығында Семей қаласында «Әдеби – өлкетану экспедициясы» өтті. Көптеген конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары, Орыс үйі жобаларының белсенді қатысушылары Қазақстан мен Ресейдің тарихы мен мәдениетіне қатысты қаланың ең қызықты жерлерін аралады. Экспидицияны Нұр – Сұлтандағы Орыс үйі, Достоевский әдеби – мемориалдық мұражайы және «Росатом» мемлекеттік корпорациясы ұйымдастырды. Жамбыл облысынан орталығымыздың «Кәсіби бағдар беру» бөлімінің меңгерушісі О.А.Сагандыкова қатысты.
Экспедиция барысында оқушылар мен педагогтар ұлы Абайдың туған жеріне саяхаттап, Мұхтар Әуезовтің мұражай – үйіне экскурсия жасады, Шыңғыс ханның штаб-пәтеріне барып, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнерінің музейімен танысты, Семей қаласындағы Облыстық өлкетану музейіне саяхаттап, «Сильнее смерти» монументыне гүл шоқтарын қойды.

