“Қосымша білім беру педагогының шығармашылық құзыреттілігін дамыту арқылы педагогтың кәсіби біліктілігін арттыру” тақырыбында әдістемелік күн жүргізілді. “Балаларға қосымша білім беру жүйесіндегі акмеологиялық тәсілдер” тақырыбында педагог -психолог Алтынай Жатқанбай, “Қосымша білім берудегі тайм-менеджмент” тақырыбында педагог-ұйымдастырушы Қасымова Жібек баяндама оқып, кеңестер айтылды. Қосымша білім беру педагогтары Тұрсынбаев Серік, Хожанов Айдос, Троянова Ольга, Несипбаева Бибигуль шебер сабақтарын жүргізіп, тәжірибелерімен бөлісті. Әдістемелік күн жоғарғы деңгейде жүргізілді.
