“Жамбыл облысы “Жас Ұлан” ББЖҰ” ҚБ ұйымдастыруымен 2020 жылдың 11 қарашасында “Волонтер жылындағы жасөспірімдердің үлесі” атты облыстық үйлестірушілер кеңесі өткізілді.
Аталмыш іс-шарада Волонтер жылындағы атқарылған жұмыстар талқыланып, 2021 жылдың 1 жарты жылдығына арналған жаңа жоспарлар туралы айтылды. Сондай-ақ, үйлестірушілердің еңбектері бағаланып дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
