Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық “Жамбыл дарыны” орталығы және “Жамбыл облысы “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 30 қарашасында “Жемқорлықсыз қоғам – нұрлы болашақ кепілі!” атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы мәселелерді талқылау.

