Жамбыл облысы әкімдігі, білім басқармасына қарасты Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық “Жамбыл дарыны” орталығында 2020 жылдың бітіруші түлектеріне арналған “Жұлдызды кеш” атты салтанатты куәлік тапсыру кішігірім шарасы өтті. Марапаттау рәсімін Тұмар би тобының “Бал бөбек” қазақ биімен ашты. Домбыра үйірмесінің оқушысы Ахмет Нұржанәлі Дәулеткерейдің “Көроғлы” күйін орындап көптің көңілін көтерді.Бүгінгі таңда Халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпаздары атанып жүрген “Хореография” студиясы, “Домбыра”, “Драма” студиясы, көркем сурет “Мерей” мектебі оқушылары орталық мақтанышына айналып үлгерді.