2023 жылдың 11 сәуірінде орталығымызда Джулия Дональдсонның «Ұлу мен кит» ертегісі бойынша салынған балалар суреттерінің халықаралық көрмесі өтілді. Бұл шара балалар достығының жалғасы болып табылады. Тараз және Нижний Новгород арасында екі бейнеконференция өтті.
Көрменің мақсаты: оқушыларды көркем әдебиетке назар аударту; оқушылардың оқу шеңберін кеңейту; әдеби кейіпкерлерге деген қарым-қатынасын сөз, бояу арқылы білдіру дағдысын қалыптастыру; байқаудың барлық қатысушыларына шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, өз қалауы мен ұсынуына қарай тақырыпты ашуға мүмкіндік беру.
