2023 жылдың 26 қаңтарында орталығымыздың үйірме оқушыларына арналған «Терроризм және діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» теологы маманы Кулназаров Баилхан Нұрланұлы және ақпараттық түсіндіру және талдау бөлімінің инспекторы Қалжанов Есеней қатысты.
Кездесуге орталықтың «Мерей» студиясы, «Жас тілші»» үйірмелері және педагогтары қатысты. Кездесу барысында орталықтың педагог-психологы Аринова Айгерім Ақылбайқызы жалпы терроризм, террорист, террористік топ, экстремизм терминдарымен таныстырып, оны туғызатын қандай мәселелер бар екендігі де айтылды. Сонымен қатар, орталықтың үйірме оқушыларымен «Ланкестер тұтқындаған кездегі кепілге алынғандардың әрекеттері» тапсырмаларын талқылап, пікір алмасты. Оқушылардың назарына «Қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат» бейнеролигі ұсынылды. Сонымен қатар, балаларға жадынамалар таратылып, терроризм мен діни экстремизмнің алдын алатын бірнеше ережелерді сақтау керектігі айтылды.
Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» теологы маманы Кулназаров Баилхан Нұрланұлы және ақпараттық түсіндіру және талдау бөлімінің инспекторы Қалжанов Есеней қатысты жастарды санасына дәстүрлі діни сананы қалыптастыру қажеттілігін, осы проблеманың жасөспірімдерге бүгінгі тағдағы өзектілігін атап, жан-жақты талдап, патриот болуға, өз отбасын, өз халқын қорғауға шақырды.
Орталықтың әлеуметтік педагогы Амантай Назгүл «Діни экстремизмді ататын болсақ, ол адамдар арасына іріткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жатағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, онда ертең бірлігімізге сызат түседі. Егер еліміздің нағыз патриоты болсақ, елде береке, бірлік, тыныштық болады» сөздерімен қорытындылады.
