Орталығымыздың ұйымдастыруымен қосымша білім беру ұйымдарының директорлары мен директорларының орынбасарларына арналған облыстық «BEST-менеджер» байқауы өтілді.
Байқаудың мақсаты – қосымша білім беру ұйымындағы шығармашыл жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын заманауи басшыларды анықтау, қолдау, мадақтау және директор, директор орынбасарының кәсіптік деңгейін көтеру. Байқау екі кезең бойынша өткізілді.
Қатысушылардан «Замануи басшы» тақырыбында эссе қабылданып, ағымдағы жылдың 28 ақпан күні байқаудың І кезеңі сырттай .
Байқаудың ІІ кезеңі 3 наурызда офлайн форматта өткізілді. Қатысушылар байқаудың ІІ кезеңінде – «Қосымша білім беру ұйымының заманауи моделі» тақырыбындағы өз жобаларын қорғады. Байқау жобаларын бағалауда комиссия мүшелері критерийлерді ескере отырып әділ бағаларын берді. Әділқазы мүшелері: М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Есенова Нарима Борибаевна; Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалының тренері Нарегеева Агура Маарбановна; «Өрлеу» БА ҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Инновациялық оқыту және педагогикалық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Смаилова Зере Осербаевна.
Байқаудың қорытындысы бойынша Бас жүлдені – Меркі ауданы, Оқушылар «Үміт» сарайының директоры Бейсенбаева Зауре Туребековна жеңіп алды.