2022 жылдың 25 қаңтарында үйірме оқушыларына арналған «Экстремизм мен терроризмнің қоғамға қауіптілігі» тақырыбындағы кездесуге М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік универсиететінің «Дінтану» орталығының жетекшісі, дінтанушы Алпысбаев Бақтияр Қаржаубайұлы арнайы шақыртылды.
Кездесудің мақсаты: оқушыларға экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру.
Іс – шараның барысында орталықтың әлеуметтік педагогы Н.А.Амантай «Экстремизм мен терроризмнің қоғамға қауіптілігі» және оның пайда болуына алып келетін факторлар жайында мағұлмат беріп өтті.
Кездесу қонағы Бақтияр Қаржаубайұлы Алпысбаев “Қоғамдағы діни экстремизм көріністерінің алдын – алу жолдары” тақырыбы бойынша діни сауаттылығымызды арттыру және ата – баба дәстүрін сақтап, имани құндылықтан алыстамау жайында кеңес берді.