2021 жылдың қазан айының 1 күні Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс – шараларды өткізетін облыстық орталықтың ұйымдастыруымен ұстаздардың төл мерекесіне арналған облыстық «Қалдырған ізің мәңгілік» атты салтанатты жиын өткізілді.
Білім саласы қызметкерлерінің құрметіне орай ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы қатысып, айтулы мерекемен ұстаздарды құттықтап, болашақ ұрпақты тәрбиелеу ісінде жемісті еңбек етіп келе жатқан бір топ мұғалімдерді марапаттады.
Мәдени шара барысында шәкірттер санасына білім сәулесін шашып, шырақ отын маздатып жүрген құрметті де аяулы ұстаздарға үлкен құрмет көрсетіліп, соңы мерекелік концертке ұласты. Концертте «Бозторғай» үлгілі ән – би ансамбілі өз өнерлерін көрсетті.
