2023 жылдың 11-17 сәуір күндері әр түрлі салаларда бәсекеге қабілетті жас көшбасшылар пулын құру, NEET жастарына рөлдік моделін қалыптастыру, менторлық мектебінің қызметін іске асыру, қазақстандық жастардың белсенді өкілдерін мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға тарту мақсатында орталығымыздың «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты мотивациялық кездесу өткізді.
Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы қолдауымен, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша іске асырылуда.
Қазақстан республикасының журналистер одағының мүшесі, облыстық «Жамбыл» телеарнасының дикторы, «Маңғыстау» телеарнасының «Үздік журналист» атағының иегері – Шарафат Отар мырзамен өтілді. Кездесу журналистика саласының қыр-сыры, дикторлық жұмыс, пікір қалыптастыру, жастарға берер кеңесі жайлы болды.
2023 жылдың 17 сәуір күні жұлдызды жұп каратэ спорт түрінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қара белбеу 3 дан иегері, каратэ-шотакан әлем чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы Усенбаев Әділет Асқаралиұлы және каратэ спорт түрінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қара белбеу 1 дан иегері, жазғы ойындарының 2 дүркін жеңімпазы, каратэ-шотакан әлем чемпионатының 4 дүркін жеңімпазы Гафурова Гузалия Маликовнамен өтті. Кездесудің мақсаты: спортты насихаттай отыра, балаларды салауатты өмір салтын сақтауға баулу, ең жоғарғы жарыстарда жеңіске жете алатын жоғары дәрежелі спортшыларды дайындау. Кездесу жас спортшылардың осы саладағы маңызды қасиеттері, жаттығу әдістері, жеке өмірлері, спорттың қызығы мен қиындығы, шет елдерде өткізілетін іссапарлар мен жарыстар туралы әңгіме айтылды.
