2019 жылдың 1 наурызы күні, Жамбыл облысы білім басқарамасының мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығында, халқымызға жыл сайын өзінің Жолдауын жолдап, халықтың келешегін бағыттап, жол нұсқап отырған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында, балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың 52- ші облыстық фестиваль-байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – классикалық және заманауи өнердің үздік үлгілерін меңгеру және орындау арқылы білім алушы тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастыру, балалар музыка мектептерін және өнер мектептерін дамыту, олардың жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту және шығармашылық дамытудағы рөлін арттыру.
Байқау орталығымыздың «Бозторғай» Үлгілі ән-би ансамблінің «Кербез» жетігеншілер ансамблі және «Салтанат» бишілер тобының дарынды жастарының өнерімен ашылып, алғы сөз Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Қосымша және тәрбие» бөлімінің меңгерушісі Дарибаева Гүлзира Лесбайқызына берілді.
Елбасымыздың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялағанын сөзге тиек ете келе, Г. Лесбайқызы – осындай игі істің бастамасы, болашақ –жастарымыз дарынды, жас музыканттарымыздың елімізде өркендеп өсіп келе жатқанын мақтан етті.
Байқауға барлық аудан мен қала қосымша білім беру мекемелерінің музыка мектептері мен өнер мектептерінен 310 үміткер қатысты.
Оның ішінде 14 ансамбль мен 3 оркестр ұжымы және 96 жеке орындаушы байқауда өнер көрсетті. Байқау 7-10, 11-13, 14-17 жас ерекшеліктері бойынша өтілді.
Байқау ережесі бойынша кіші және орта топтар үш шығармадан орындаса, үлкен топтар 2 кезеңнен тұратын тапсырма бойынша, І кезеңде 3 шығарма, ІІ кезеңде 2 шығармадан орындады.
Әділ-қазылар алқасының құрамында:
- Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі музыка
бөлімінің қыл қобыз пәнінің мұғалімі – Сабалиева Гүлмира Хамзабекқызы
- Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі музыка
бөлімінің домбыра аспабының маманы- Райымбекова Бақыт Райымбекқызы
- Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі музыка
бөлімінің сырнай аспабының маманы – Кенжебекова Салтанат Анапиянқызы
- Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтының «Музыкалық білім» кафедрасының доценті, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері- Рысметов Ержан Ходжабергенұлы
- 85395 әскери бөлімінің Әскери оркестірінің баритон үрмелі аспап маманы – аға музыкант, «Жас Ұлан» республикалық әскери армия әндері фестивалінің лауреаты- Оспанов Айдар Тұрғанбекұлы
- 85395 әскери бөлімінің әскери оркестірінің концертмейстері, сырнай, кларнет аспабының маманы, «Жас Ұлан» республикалық әскери армия әндері фестивалінің лауреаты – Ақмолдаева Ғалия Төребекқызы қазылық етті.
Өте жоғары деңгейде өткен байқау қорытындысы бойынша, байқау ережесіне сәйкес, Бас жүлде иегерлеріне 2019 жылдың 26-29 наурызында Алматы қаласында өтілетін байқаудың республикалық кезеңіне жолдама берілді.
Байқаудың Бас жүлде жеңімпаздары
Домбыра аспабы бойынша:
Бас жүлде – Русланов Дамир Байзақ ауданы, К.Әзірбаев атындағы Балалар саз мектебі (7-10 жас)
Бас жүлде – Жанатбек Бақдәулет Жамбыл ауданы, М.Төлебаева атындағы балалар музыка мектебі (11-13 жас)
Бас жүлде – Әзімбаев Нұрәділ Байзақ ауданы, К.Әзірбаев атындағы Балалар саз мектебі (14-17жас)

Қобыз аспабы бойынша:
Бас жүлде – Әбдіәріп Айша Жамбыл ауданы, М.Төлебаева атындағы балалар музыка мектебі (7-10 жас)
Бас жүлде – Надирбекова Ажар Байзақ ауданы, К.Әзірбаев атындағы балалар саз мектебі (11-13 жас)
Бас жүлде – Абдраман Әмина Байзақ ауданы, К.Әзірбаев атындағы балалар саз мектебі (14-17жас)

Аккордеон аспабы бойынша
Бас жүлде – Рахымбердиев Қалмырза Байзақ ауданы, К.Әзірбаев атындағы Балалар саз мектебі (14-17жас)
Гитара аспабы бойынша
Бас жүлде – Ли Андрей Байзақ ауданы, К.Әзірбаев атындағы балалар саз мектебі (14-17жас)
Ансамбль
Бас жүлде – «Илигай» Жамбыл ауданы, М.Төлебаева атындағы балалар музыка мектебі
