2023 жылдың 20 сәуірінде облыстық «Атадан қалған мұрамыз» атты фольклорлық, аспапта орындаушылық ансамбльдер мен оркестр арасындағы орындаушылар өнер сайысы өтілді.
Байқау Жамбыл облысында және Тараз қаласында аспапта орындаушылық ансамбльдермен фольклорлық ансамбль және оркестрдің дәстүрлерін сақтау, қолдау және дамыту, дәстүрлі өнерді дәріптеу және насихаттау мақсатында өткізілді.
Байқау талабына сәйкес фольклорлық ансамбль, оркестр мен домбырашылар ансамблі конкурста 2 шығарма орындады.
Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындар:
Фольклорлық ансамбль номинациясы бойынша:
Бас жүлде – «Желдірме» ансамблі Жамбыл ауданы
І орын – «Наркезкен» ансамблі Сарысу ауданы
Оркестр номинациясы бойынша:
Бас жүлде –«Өрлеу» оркестрі Сарысу ауданы
І орын –«Өрлеу» оркестрі Тараз қаласы
Домбырашылар ансамблі номинациясы бойынша:
Бас жүлде –«Шабыт» домбырашылар ансамблі Байзақ ауданы
І орын – «Көкіл» домбырашылар ансамблі Жамбыл ауданы
Аспапта орындаушылық ансамбльдер номинациясы бойынша:
Бас жүлде – «Шолпан» қобызшылар ансамблі Тараз қаласы
І орын –«Бабалар сазы» қобызшылар ансамблі Байзақ ауданы.
