2022 жылдың 10 наурызында орталығымызда Халқымызға жыл сайын өзінің Жолдауын жолдап, халықтың келешегін бағыттап, жол нұсқап отырған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында, қосымша білім беру орталықтарының дарынды оқушыларына арналған облыстық «Ақ шағала» фестиваль-байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: білім алушылардың хореографиялық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдайлар жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу мен одан әрі дамытуда жүйелі және мақсатты қызмет, рухани, моральдық және мәдени құндылықтармен таныстыру.
Байқауда 11-13, 14-16 жас ерекшеліктері бойынша би ұжымдары төменде көрсетілген бағыттар бойынша 2 би орындады:
– орта топ және жоғары топ:
- Халық биі және халықтық-стильденген би: әлем халықтарының биі немесе қазақ биі.
- Заманауи би: эстрадалық би немесе аралас би.
| «Салт-дәстүр білгірі» |
Әділ-қазылар алқасына М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университеті, «Музыка және хореография» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистры – Караматуллаева Хадия Ергашевна; Студенттердің шығармашылығының дамыту орталығының бастығы – Бурлибаева Арайлым Зиятханқызы; Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің «Музыка» бөлімінің меңгерушісі – Нурманалиева Айжан Сержановна.