
2021 жылдың 24 қарашасында орталығымыздың «Қосымша білім беру» бөлімінің ұйымдастыруымен «Салт-дәстүр білгірі» отбасылық байқауы өткізілді.
2021 жылдың 24 қарашасында орталығымыздың «Қосымша білім беру» бөлімінің ұйымдастыруымен «Салт-дәстүр білгірі» отбасылық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Тәрбиеленушілердің қазақ халқының салт – дәстүрлері жайлы білімдерін жинақтау, білетін және үйренген ақппараттарын өзара ұштастырып, салт – дәстүрді құрметтеп, қадірлей білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу.
Байқауға «Білімпаз» білім беру орталығының қосымша білім беру педагогтары және ата аналары мен оқушылары қатысты.
Байқауды Қазақстан Республикасының жазушылар одағының мүшесі Асанов Қайырбек Зәйкенұлы, ақын, журналист Жұлдыз Бәйсек, орталығымыздың директоры Ертуганова Балдай Туленовна бағалады.
Байқау төрт бөлімнен өтті:
І-бөлім – «Таныстыру». Шығармашылық қабілетін пайдаланып, топ мүшелері өздерін таныстырды.
ІІ-бөлім – «Салт – дәстүр білгірі» тақырыбы бойынша көрініс. Халқымыздың салт-дәстүрін 3-5 минуттық видео немесе сахналық көрініс ретінде дайындау.
ІІІ-бөлім – «Білгенге маржан» сұрақ жауап. Халқымыздың салт – дәстүрі, әдеп – ғұрпы бойынша сұрақтарға жауап берді.
ІV-бөлім – «Өнер». Әр топ өз өнерлерін көрсетті.

