Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық «Жамбыл дарыны» орталығы» КММ-нің Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамы құрылатындығын және оның құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатындығын хабарлайды.
Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;
3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса).
Қамқоршылық кеңес құрамына «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар кіргізілмейді.
Қамқоршылық кеңестің құрамы бойынша ұсыныстар қабылдаймыз. Қамқоршылық кеңес мүшелері ҚК жұмысына қатысуға құқығы бар.
Ұсыныстарды balataraz@inbox.ru, otspsho@mail.ru электрондық мекен-жайларына немесе Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының кеңсесіне (Тараз қаласы, Төлеби 35) ресми рәсімделген түрде қажетті құжаттарды тіркей отырып жолдау қажет.
Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары ұсынылып отыр.
Ұсыныстарды қабылдау мерзімі 2020 жылдың 13 қарашасына дейін.